Ақтауда шоколад пен алкоголь ұрлаған күдікті қамауға алынды
видеодан скрин
Ақтау қаласы Полиция басқармасына сауда нысандарында орын алған ұсақ-түйек жымқыру фактілері бойынша бірнеше арыз түсті. Жүргізілген тексеру нәтижесінде өткен жылы желтоқсан мен биыл қаңтар айы аралығында белгісіз адамның Ақтау қаласындағы шағын маркеттер мен дүкендерден тауарларды бірнеше рет жасырын түрде жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Полиция басқармасының дерегінше, ұрланған заттардың қатарында шоколад өнімдері, алкогольдік ішімдіктер және өзге де тауарлар бар.
- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы құқық бұзушылықтарға қатысы бар күдікті анықталды. Ол - 2000 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны. Тергеу барысында оның бірнеше эпизод бойынша сауда орындарынан тауар жымқырып, елеулі материалдық шығын келтіргені белгілі болды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру» бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, - деді ПД.
Маңғыстау облысының полиция департаменті бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену, оның ішінде сауда орындарынан тауар ұрлау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
150
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев