Otpan News Logo

Ақтауда референдумды қолдауға бағытталған форум өтті

|
23.02.2026 16:58
Ақтауда референдумды қолдауға бағытталған форум өтті

Ақтау жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, форумға қатысты. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Іс-шара қоғамдық мәдени акция форматында өтіп, жергілікті өнерпаздар мен МузАрт тобы өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің тақырып аясындағы баяндамаларымен жалғасын тапты.


“Қазақ елі – мыңдаған жылдарға созылып, тамырын тереңге жайған тарихы бар халықпыз. Біздің елдігіміз, тіліміз бен ұлттық құныдылықтарымыз жылдар жалғасын тауып келеді. Ұзақ уақыт бойы елдің бірыңғайлығын сақтауға елдің басты заңы – Ата Заң көмектесіп келеді. Жаңа Конституциямыз да тәуелсіз елдің дамуын ілгерілетіп, тұғырын берік етуге ықпал етеді. Осындай маңызды сәтте ел жастары қапы қалмауы тиіс. Маңғыстау жастары, 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысуға шақырамын”,- деді облыстық мәслихат депутаты Жаңбырбай Матаев.  


Сондай-ақ ассамблея жастары мүшелері де сөз сөйлеп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,алдағы референдум туралы азаматтарды хабардар етті. Сондай-ақ олар саналы таңдау жасау мен белсенді азаматтық ұстанымның маңызын атап өтті.

175
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!