Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды

|
11.11.2025 09:40
Ақтауда көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды

Ақтау әкімдігінде көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Шарада қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыс етті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, марапат иесінің қатарында 10 ана «Алтын алқа», ал 44 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.


Салтанатты жиында Бекзат Жүсіп көпбалалы аналарды құттықтап, олардың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріне жоғары баға берді.


- Мемлекетіміздің тірегі – отбасы, ал оның жүрегі мен ұйытқысы – ана. Сіздердің өмірге әкелген әрбір перзенттеріңіз – еліміздің ертеңі. Бұл марапат – Сіздердің еңбектеріңіз бен аналық мейірімдеріңізге деген құрметтің белгісі», – деді қала әкімінің орынбасары.


Салтанатты шара барысында ҚР Мәдениет саласының үздігі, Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Асанәлі Көшеров өнер көрсетті.


Марапат иелері атынан жеті баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Гүлфариза Сыдиыққызы сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен құрмет үшін алғысын білдірді.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!