Otpan News Logo

Ақтауда Каспийдің экологиялық мәселелері талқыланды

|
19.09.2026 16:22
Ақтауда Каспийдің экологиялық мәселелері талқыланды

«Көлдердің тартылуынан туындаған көміртек циклінің бұзылуы» жобасы аясында Ақтаудағы Yessenov University базасында шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қарауға ұсынылған негізгі мәселелер Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне, су қоймаларының тартылуына және бұл үдерістердің көміртек циклі мен экожүйелерге тигізетін әсеріне қатысты болды.


Кездесу нәтижесінде Yessenov University мен Испанияның Ұлттық зерттеу кеңесінің (CSIC) құрамына кіретін Бланес озық зерттеулер орталығы (CEAB-CSIC) арасында өзара келісім туралы меморандумға қол қойылды.


Тараптар Каспийдегі экологиялық үдерістерді Испания мен Еуропаның басқа да өңірлеріндегі ұқсас үдерістермен салыстырмалы түрде зерттеу, ғылыми деректер мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

117
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!