Otpan News Logo

Жылу берілді, бірақ шағым көп: Бектенов әкімдерге тапсырма берді

|
10.11.2026 10:33
Жылу берілді, бірақ шағым көп: Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жылуға қатысты тұрғындардан шағым көп түскен өңірлерді атады. Бұл туралы kaz.inform.kz сайты хабарлады.


— Күзгі-қысқы жылыту маусымына қатысты күнделікті мәселелерді де ерекше назарда ұстаған жөн. Қазіргі таңда барлық өңірде жылу беру маусымы басталды. Жаз айларында жабдықтарды, жылу мен электр желілерін жөндеу шаралары қабылданды. Тұтынушыларға жылу кестеге сәйкес берілді. Бірақ жылудың сапасына наразы немесе жылусыз қалған тұрғындар тарапынан шағымдар да келіп түсіп жатыр. Олардың ішінде Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындары бар, — деді Олжас Бектенов.


Осыған орай Премьер-министр өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты өңірлік штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырды.


— Қыс айларындағы жұмыстарға авариялық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыру қажет. Сонымен қатар өңір әкімдіктері халыққа қажетті көмірдің тұрақты бағамен қолжетімді болуын бақылауда ұстасын. Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, қажетті жабдықтар резервін әзірлеуге тиіс. Жылыту маусымында халықты тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Әлеуметтік нысандарды ерекше назарда ұстаңыздар, — деді Үкімет басшысы.

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!