Otpan News Logo

Әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам

|
10.11.2026 11:35
Әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – еліміздің одан әрі дамуы, мемлекеттілікті нығайту және әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.


Энергетика саласының өкілі ретінде мен тұрақтылық, заң үстемдігі және әрбір азаматтың жауапкершілігі мемлекеттің табысты дамуының негізі деп есептеймін. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және тұрақты экономикалық өсімге жағдай жасауға бағытталған ережелердің маңызы ерекше.


Өндіріс саласының қызметкерлері үшін елімізде сенімді құқықтық негіздердің сақталуы, еңбек ұжымдарының қолдау табуы, кәсіпорындарды жаңғыртуға және отандық өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндіктер жасалуы аса маңызды. Жаңа Конституция Қазақстанның одан әрі өркендеуіне, халық бірлігін нығайтуға және жарқын болашаққа нық қадам басуына берік негіз болады деп сенемін. Еліміздің болашағы – баршамыздың ортақ күш-жігерімізге, жауапкершілігімізге және жасампаздыққа деген ұмтылысымызға байланысты!


Алексей Смоленский,

«МАЭК» ЖШС жөндеу департаменті директорының орынбасары

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!