Otpan News Logo

Маңғыстауда полицейлер тасжолда шетелдік велосипедшіге жарық шағылыстырғыш лента тағып берді

Маңғыстауда полицейлер тасжолда шетелдік велосипедшіге жарық шағылыстырғыш лента тағып берді

OTPANNEWS.KZ – Ман ата асуы маңында велосипедпен келе жатқан шетелдік туристі патрульдік полицейлер тоқтатып, киіміне жарық шағылыстырғыш лента тағып берді.


Оқиға Шетпе – Сайөтес тасжолында болған. Кезекті патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары асу маңымен велосипедпен келе жатқан туристі кездестірген.


Полиция департаментінің хабарлауынша, мұндай құрал велосипедшінің жолда алыстан көрінуіне көмектеседі. Әсіресе қараңғы уақытта бұл көлік жүргізушілерінің жолдағы өзге жүргізушілердің дер кезінде байқауы үшін маңызды.


Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен велосипедшілерді жолда сақ болуға және қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!