Otpan News Logo

Жол қауіпсіздігі – басты назарда

|
02.06.2026 16:06
Жол қауіпсіздігі – басты назарда

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің жолдауында - әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі баға жетпес, мұнда ұсақ-түйек болуы мүмкін емес екенін айтқан.


Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманының 5.1-тармағына сәйкес заңда бөле-жару жоқ, ол бәріне бірдей және оның талабын әрбір азамат пен ұйым міндетті түрде орындауға тиіс.


Бүгінгі күнде еліміздің жолдарындағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі аса маңызды және тиісті қадағалауды қажет етеді.


Қазақстан Республикасы Бас прокуртурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен жүргізілген талдау нәтижесінде, жол-көлік оқиғалары көп болатын жол учаскелерін, жол жүру ережелерін жүйелі бұзатын азаматтар, көлік құралдары және «анықталмаған» статустағы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері анықталды.


Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалардың 91% немесе 345 елді-мекендерде орын алған, ал қалғаны 9% немесе 35 республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда болған.


Оның ішінде өрескелі, елді-мекендегі жол-көлік оқиғалардың 55% немесе 191 жаяу жүргіншіні қағу болып табылады.


Сонымен қатар, жылдамдық режимін жүйелі түрде бұзатын 100 тұлға анықталды.


Аталған тұлғалар бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасап, жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретін жүргізушілер санатына жатады.


Сондай-ақ, 178 жол-көлік оқиғасы орын алған ең қауіпті 12 жол учаскесі анықталды.


2026 жылғы 4 айда Маңғыстау облысында «анықталмаған» мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін пайдалану арқылы 221 219 425 (2025 жылы – 643 161 172) теңгеге 6 064 (2025 жылы – 21 379) құқық бұзушылық жасалған.


Орындаусыз нұсқамалардың 2 496-сы шетелдік тіркеудегі көлік құралдарымен жасалса, 3 568-і немесе 58,8%-ы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеуіндегі көлік құралдарымен жол берілген.


2025-2026 жылдар аралығында көлік жолдарының жай-күйінің төмен болуы бойынша 178 шағымдар және бұқаралық ақпарат құралдарында 144 жағымсыз пікірлер мен посттар жарияланған.


Ондағы басты назар жол белгілері, жол сызықтары, жаяу өткілдері, щұңқырлар мен жарықтандыруға бағытталған.


Жол қауіпсіздігін жедел қамтамасыз ету үшін полиция және жергілікті атқарушы органдарына жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол инфақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында прокурорлық қадағалау актілер жолданып, тиісті бағыттама беріліп, бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.


Нәтижесінде, 2026 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңірде жол-көлік оқиғаларының төмендеу динамикасы байқалуда.


Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға төмендеген (402-ден 380-ге азайған).


Аталған көрсеткіштер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған профилактикалық және бақылау шараларының тиімділігін көрсетеді.


Бұл бағыттағы жұмыстар прокуратура органдарының басты назарында және әрдайым жалғасуда екенін атап өту қажет.


Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.


Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

Комитетінің Маңғыстау

облысы бойынша

Департаментінің бөлім

прокуроры 2-ші сыныпты заңгер

Д.С. Бурибаев

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!