Otpan News Logo

Ақтаулық оқушылар әлемдік олимпиадада күміс жүлдегер атанды

|
02.06.2026 09:53
Ақтаулық оқушылар әлемдік олимпиадада күміс жүлдегер атанды

Түркияның Анталья қаласында 30 мамыр мен 1 маусым аралығында математикадан FEMO International халықаралық олимпиадасы өтті. Әлемнің 19 елінен келген оқушылар қатысқан жарыста ақтаулық жеткіншектер ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Биылғы беделді зияткерлік сайысқа әлемнің 19-дан астам елінен 500-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Әзірбайжан, Армения, БАӘ, Австрия және Малайзия мемлекеттерінің жас математиктері болды.


Әлемдік додада Ақтау қаласындағы №13 гимназияның оқушылары жүлдеді 2-орынды жеңді. Өнер Базарбаева мен Марина Шалабаева жетекшілік еткен 4 сынып оқушысы Заңғар Мұқан үздік нәтиже көрсетті. Ал 6 сынып оқушысы Айтқазы Мұханалы Жадыра Хажымұханованың дайындауымен 2-орын иеленді.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!