Маңғыстауда Қарақабақ қалашығын зерттеудің жаңа кезеңі басталды
2026 жылдың 1 маусымында Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңадан ашылған «Археология» бөлімі алғашқы ауқымды жобасына кірісті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына сілтеме жасап.
«Музейдің археолог маманы Н. Түгелбай мен тарихшы М. Мәшенай Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдарымен бірлесе отырып, көне Қарақабақ қалашығында ғылыми-зерттеу және археологиялық қазба жұмыстарын ресми түрде бастады»,- дейді Ә. Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайының мамандары.
Осы ғылыми-экспедиция барысында тарихи ескерткіштің ішкі құрылымы, мәдени қабаттарының ерекшелігі жан-жақты сарапталып, өңір тарихына қатысты жаңа деректер кешені жинақталды. Бүгінгі таңда мамандар қалашықтың тарихи-мәдени маңызын айқындайтын құнды жәдігерлер мен археологиялық айғақтарды анықтау үстінде.
Бұл зерттеулер Маңғыстау өлкесінің өткенін тереңірек тануға және аймақтың мәдени мұрасын сақтауға жаңа серпін береді.