Otpan News Logo

Жастарға кемел әрі жарқын болашаққа жол ашады

|
08.10.2026 10:32
Жастарға кемел әрі жарқын болашаққа жол ашады

Қазақстан Республикасының азаматы және цифрлық технологиялар саласының өкілі ретінде жаңа заң жобасында ерекше атап өткім келетіні – билікті микросервистік архитектура моделіне көшіру. Яғни идея ретінде модульдік әрі тұрақты жүйеге ұмтылыс. IT саласындағыдай бәрін қағаздағы архитектура емес, іске асыру сапасы, процестердің ашықтығы және «сапалы админдер» шешеді.


Ең бірінші, құжатта бекітілген дүниетанымдық қағидаттар туралы айту қажет шығар. Конституцияның кіріспесінде алғаш рет стратегиялық құндылықтық бағдар ретінде «Әділетті Қазақстан» ұғымы, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты айқындалды деп есептеймін. Сонымен қатар қазақстандықтардың қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде алғаш рет «жауапты, жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету» белгіленді. Қазақстандықтар үшін маңызды құжат болып саналатын бұл құжат дін мен мемлекеттің аражігін нақты ажыратады, бұл дегеніміз қоғам сұранысына сай келетін қағидат. 7-бапта: «Дін мемлекеттен бөлінген» деп көрсетілген, ал 1-бапта: «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп айқын жазылған. 


Екіншіден, Конституцияда елеулі саяси өзгерістер көрініс тауып отыр. Ең алдымен Қазақстан Республикасы Вице-президенті лауазымының енгізілуі, «Құрылтай» деп аталатын бірпалаталы парламенттің құрылуы, сондай-ақ республика халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде Қазақстан Халық кеңесінің қалыптасуы туралы сөз болып отыр. Бұл барлығымыз үшін жаңашылдықтан қорықпауға тірек болады. 


Ең қуантарлық жағдай – жастар тарапынан қызығушылық жоғары, өйткені сөз тек бүгінгі күн туралы емес, болашақтың Конституциясы – жастарға кемел әрі жарқын болашаққа жол ашады. Қазақтың «Ақыл жастан, асыл тастан» деген мақалы бар – даналық жастан, ал асыл қасиет үлкеннен келеді. Жаңа Конституциямыздың жобасы жарияланғаннай кейін басқарма қызметшілеріне арнайы жиналыс жасадым. Олардың жобаға деген көзқарастарын сұрап, өскелең ұрпақ пен Қазақстан Республикасының Үкіметінің ойын ұштастыратын жаңа Конституциялық жоба екендігіне көзім жетті.


Құдайберген АЛМАҒАМБЕТОВ,

Маңғыстау облысының цифрлық

технологиялар басқармасының басшысы

103
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!