Otpan News Logo

Жастар – қоғамдық келісімнің қозғаушы күші

|
29.01.2026 10:00
Жастар – қоғамдық келісімнің қозғаушы күші

Каспий жағалауындағы киелі өлке – Маңғыстау бүгінде тек мұнайлы аймақ қана емес, ол жастардың креативті бастамалары мен ұлтаралық татулықтың алтын бесігіне айналды. 50-ден астам этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан өңірде қоғамдық келісімді сақтау ісінде жастардың рөлі ерекше, деп хaбарлайды otpannews.kz сайты. 

 

Ақтау қаласының «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін иеленуі аймақ жастарына үлкен серпін берді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да қарқынды жалғаспақ. Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Аманкүл Джайлханованың айтуынша, алдағы мамыр айында халықаралық деңгейдегі кезекті форум жоспарланып отыр. Бұл жолы басқосуға Еуропа елдерінен де өкілдер шақыртылмақ.


«Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының ауызбіршілігін арттырып, жаңа бастамалар мен тың идеялардың бастауына айналады. Форум өңірлік брендке айналып, жергілікті белсенділер мен әлем жастары арасында алтын көпір болмақ», – дейді Аманкүл Джайлханова.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!