«Қызылсай» табиғи паркінде рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізілді
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында рейдтік-бақылау жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Іс-шараға паркінің ғылыми бөлімінің басшысы С.Қанбаев, эколог Н.Инадіров, қаумал басшысы Ж.Іңірбаев, сондай-ақ бір топ мемлекеттік инспекторлар қатысты. Рейд барысында табиғи аумақтардағы экологиялық жағдай, қорғау режимінің сақталуы және заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне баса назар аударылып отыр.
Осы орайда парк директоры Мыңберген Қаратауов аталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүйелі түрде рейдтік-бақылау жүргізу - табиғатты сақтау мен заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етудің негізгі тетігі. Мұндай жұмыстар экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға және заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады», – деді Мыңберген Қаратауов.
Рейдтік-бақылау жұмыстары барысында инспекторлар табиғатты қорғау талаптарын сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты шараларды қолға алды.