Otpan News Logo

Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жаңартуға жергілікті асфальтбетон қолданылды

|
28.01.2026 12:58
Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жаңартуға жергілікті асфальтбетон қолданылды

Маңғыстаудағы ірі жол-құрылыс жобалары жергілікті өніммен қамтамасыз етіледі. «КаспийТасЖол» зауыты өндірген асфальтбетон Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жаңартуға пайдаланылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Ақтау теңіз порты» АЭА хабарлауынша, әуежайдан Ақтауға дейінгі тас жол, Бекет ата жерасты мешітіне барар жол мен «Жетібай-Жаңаөзен» бағытындағы автожол да осы зауыттың өнімдерімен салынды. 



«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан өндіріс 2014 жылы ашылды. Жарты жыл бұрын екінші өндірістік желі іске қосылып, қазіргі уақытта сағатына 210–220 тонна өнім шығады. Барлық материал мемлекеттік стандарттарға толық сәйкес келеді.


- Екінші өндірістік желіні іске қосу нарықтағы сұраныстың артуына байланысты жүзеге асты. Алдағы уақытта кәсіпорын өндірісті толық қуатқа шығарып, өңірдегі автожол құрылысы саласының дамуына және инфрақұрылым сапасын арттыруға өз үлесін қоса бермек, - деді зауыт директорының орынбасары Оңдаған Надиров.



Сондай-ақ кәсіпорын 30 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отыр. Шебін жақын маңдағы карьерлерден, битум өңірдегі мұнай кәсіпорындарынан жеткізіледі.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!