Otpan News Logo

Қазақстан мектептерінде ТЖБ мен БЖБ жүйесін алып тастауы мүмкін

|
28.01.2026 18:35
Қазақстан мектептерінде ТЖБ мен БЖБ жүйесін алып тастауы мүмкін

Қазақстан мектептерінде БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) және ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) жүйесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте журналистердің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.


Бұл мәселе ата-аналар тарапынан мектеп оқушыларының оқу жүктемесінің көптігі мен артық талаптар туралы шағымдардың көбеюіне байланысты көтерілген, деп жазады otpannews.kz newtimes.kz-ке сілтеме жасап. 


Министрдің айтуынша, сенбі күні ресми түрде оқу күні болмаса да, мұғалімдер бір тоқсан ішінде өте көп оқу мақсаттарын қамтуға мәжбүр.


«Оқу жүктемесінің жоғары екенін көріп отырмыз. Сенбі оқу күні емес, алайда мұғалім бір тоқсан ішінде балалармен өте көп оқу мақсаттарын өтуі тиіс. Ал бағалау жүйесіне келсек, биылғы оқу жылында ТЖБ мен БЖБ өзгеріссіз қалады», - деді Жұлдыз Сүлейменова.


Сонымен қатар ол бағалау жүйесін қайта қарау мәселесі қазір сарапшылармен бірге белсенді түрде талқыланып жатқанын және министрлік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. Нақты шешімдер алдағы айларда қабылдануы мүмкін.


«Қазір ауқымды талдамалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Сірә, жазғы демалыс кезеңінде Ұлттық білім академиясы мен білім басқармалары бірлесіп өзгерістер пакетін әзірлейді», - деді министр.
15
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!