Otpan News Logo

Наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады

|
29.01.2026 11:46
Наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады
ҚКО

2026 жылы наурызда еліміздің тұрғындары 13 күн демалады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Көктемнің алғашқы айында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады.


Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7, 8, және 9 наурыз күндері демалады. 10 наурызда жұмысқа шығады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмыс істейді.


Биыл Наурыз мейрамы демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21-24 наурыз аралығында демалыс болады.

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!