Otpan News Logo

Астана – Ақтау рейсінде маңғыстаулық жігіт жолаушыны құтқарды

|
28.01.2026 16:40
Астана – Ақтау рейсінде маңғыстаулық жігіт жолаушыны құтқарды
beyneutoday

Астана – Ақтау бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлап, бортсеріктер ұшақ ішінде медицина қызметкерін іздеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


@beyneutoday парақшасының жазуынша, сол сәтте Қарағанды медицина университетінің 6-курс студенті, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тумасы Махсуд Ибадуллаев денсаулығы нашарлаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетті. 


Белгілі болғандай, науқас қант диабетімен ауырады және ұшу кезінде оның қанындағы қант деңгейі күрт төмендеп кеткен. Махсуд Ибадуллаев ұшақ Ақтау әуежайына қонғанға дейін науқастың жағдайын бақылау ұстады.

83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!