Ақтаулық Гаухар Наурызова Төрт құрлық чемпионатында жұптық сында өнер көрсетті
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
Ақтаулық мәнерлеп сырғанаушы Гаухар Наурызова Төрт құрлық чемпионатында жұптық сында өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
22 қаңтарда Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық біріншілігінде жерлесіміз Бойсангур Датиевпен бірге мұз айдынына шықты.
Ритмикалық бидің қорытындысы бойынша отандастарымыз 52,39 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға тұрақтады. Ал бұл сында АҚШ спортшылары Эмилия Зингас пен Вадим Колесник 79,97 ұпаймен көш бастап тұр.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 23 қаңтарда жалғасатын болады.
147
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев