Otpan News Logo

Жаңаөзендегі оқиға: Тұрмыстық жанжал 29 жастағы дәрігердің өмірін қиды

|
29.01.2026 10:57
Жаңаөзендегі оқиға: Тұрмыстық жанжал 29 жастағы дәрігердің өмірін қиды

Жаңаөзен қаласында ер адамдар арасындағы кикілжің қайғылы жағдайға ұласты. Пышақ жарақатын алған 29 жастағы терапевт-дәрігер алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Оқиға 28 қаңтар күні орын алған. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қақтығысқа отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған.


Алдын ала болжам бойынша, екі ер адам арасындағы ерегіс отбасылық мәселелерден туындаған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетпей, Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, кінәсін толық мойындаған.


“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта орын алған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.


Айта кетейік, қаза тапқан азаматтың 29 жастағы терапевт-дәрігер екені белгілі болды.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!