Otpan News Logo

Ақтау прокуратурасы үлестік құрылысқа қатысты тұрғындарға ескерту жасады

|
29.01.2026 12:55
Ақтау прокуратурасы үлестік құрылысқа қатысты тұрғындарға ескерту жасады
ашық дереккөз

Ақтау қаласының прокуроры Дауылбай Челпеков тұрғындарды көппәтерлі үйлердің құрылысына және үлестік қатысу шарттарымен пәтер сатып алуда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтау қаласы прокурорының айтуынша, соңғы уақытта Ақтау қаласында көппәтерлі үйлердің құрылысына қатысты тұрғындардың наразылығы жиілеп отыр. Негізгі мәселелер — үлестік құрылыс және аяқталмаған нысандардың жылу, ауыз су, электржелілеріне қосылмауы.


Прокуратура тұрғын үйлерді салуға берілген рұқсат пәтер сатуға рұқсат болып саналмайтынын ескертті. Бұл — екі түрлі құқықтық құжат.

 

- Қолданыстағы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес, құрылыс жүргізу сатысында пәтер сату тек Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының немесе әкімдіктің тиісті рұқсаты алынған жағдайда ғана заңды, басқа жағдайларда пәтер сатуға тыйым салынады, - деді прокуратура. 


Бұдан бөлек қала аумағында пайдалануға қабылданбағанына қарамастан, тұрғындар қоныстанып алған көппәтерлі үйлер бар. Бүгінгі күні үйлерді инженерлік желілерге қосуға кедергілер туындауда.

 

- Заңға сәйкес, азаматтарды көппәтерлі үйге қоныстандыру тек құрылыс толық аяқталып, пайдалануға қабылдау актісі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Қабылдау актісі жоқ үйге қоныстандыру — заңсыз және әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған байланысты азаматтарға пәтер сатып алмас бұрын, тұрғын үйдің заңдылығын әкімдіктен немесе оның ресми ақпарат көздерінен міндетті түрде тексеру қажет, - деп атар өтті Дауылбай Челпеков.
39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!