Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

30 млн доллар тұратын жоба: ирандықтар Ақтауда зауыт салуды жоспарлап отыр

Нұргүл Алясова
|
03.09.2025 20:45
30 млн доллар тұратын жоба: ирандықтар Ақтауда зауыт салуды жоспарлап отыр

Цемент өндірісінде 40 жылдық тәжірибесі бар Иран Республикасының “Shahroud Cement Co.” компаниясының өкілдері «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына келіп, басқарма төрағасы Мүбәрак Төлегеновпен кездесті, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Ақтау теңіз порты» АЭА баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Маңғыстауда цемент өндірісін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.


Ирандық инвесторлар жаңа зауыт құрылысына 30 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы салуды жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, заманауи технологияға негізделген кәсіпорын іске қосылған жағдайда цементтің бірнеше түрі өндіріліп, 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.


Мүбәрак Төлегенов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жобаларға қолдау көрсетілетінін атап өтіп, арнайы экономикалық аймақ ұсынатын мүмкіндіктермен таныстырды.


Айта кетейік, «Ақтау теңіз порты» АЭА-да инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған: мұнда корпоративтік табыс, мүлік, жер салығы, импорттық ҚҚС пен кедендік баждардан босатылады. Сонымен қатар жобаларға толық әкімшілік және техникалық қолдау көрсетіледі.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!