Әлем чемпионаты: Бекзат Нұрдәулетовтің қарсыласы анықталды

Бүгін Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты басталады. Аталған сында шаршы алаңға шығатын маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтің қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Кеше әлем чемпионатының алдында жеребе тартылып, барлық боксшылардың қарсыласы анықталған болатын.
85 келіде сынға түсетін жерлесіміз алғашқы айналымда бос. Ол 1/8 финалда 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) - Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен жолығатын болады.
Айта кететін жайт, 85 келіде барлығы 24 боксшы сынға түседі деп күтіліп отыр.
Бекзат Нұрдәулетов шілде айының басында Астанада өткен әлем кубогының кезеңдік бәсекесінде топ жарған болатын. Кейін танымал боксшыға Маңғыстау облыстық бокс федерациясы 10 млн теңге сыйақы табыстаса, облыс әкімдігі 5 млн теңге көлемінде қаржылай сыйлық ұсынды. Сондай-ақ, спорт күні мерекесінде боксшыға Жаңаөзен қаласының әкімдігі бір бөлмелі пәтер берді.
