Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Балаларды қорғаудың жаңа шаралары: буллинг үшін айыппұл салынады

Жанкелді Қаржан
|
03.09.2025 12:28
Балаларды қорғаудың жаңа шаралары: буллинг үшін айыппұл салынады
Massaget.kz

Қазақстандағы мектептерде жаңа оқу жылынан бастап балалардың құқығын қорғауға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

 

Мемлекет басшысы тамыз конференциясында мектептерде буллингке, қатігездікке және агрессияға орын болмауы тиіс екенін атады. Соңғы екі жылда балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіліп, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты нығайтылды, суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

 

Мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» атты антибуллингтік бағдарлама енгізілуде. Сонымен қатар, «Жеке қауіпсіздік» апталық сабақтары қайта басталады. Әр аптада сынып сағатында 10 минут өткізіліп, жылына үш рет қайталанады. Тақырыптар: интернеттегі қауіпсіздік, алаяқтықтан қорғану, төтенше жағдайдағы іс-әрекет, зорлық-зомбылықтың алдын алу.

 

Ел бойынша 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істеп тұр. Олар балаларға, ата-аналарға және мұғалімдерге буллинг, зорлық-зомбылық және дағдарыс жағдайларына байланысты тәулік бойы көмек көрсетпек.

 

Барлық мектептерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары орналастырылды. Балалар анонимді түрде өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. QR-кодтар көрнекі жерлерге — дәліздерге, баспалдақтарға, санитарлық бөлмелерге ілінген.

 

              •              Буллинг үшін айыппұл – 10 АЕК (39 320 теңге)

              •              Қайталанған жағдайда – 30 АЕК (117 960 теңге)

 

Сонымен қатар, автобустардан балаларды түсіруге қатаң тыйым салынды. 16 жасқа толмаған балаларды ересектерсіз қоғамдық көліктен түсірген жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылады.

 

«Всеобуч» қоры арқылы 500 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Әлеуметтік осал отбасылардың балаларына мектеп формасы, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылған. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының штаты үш есе артты. Енді әрбір 5 мың балаға бір маманнан бекітілген. Қазірдің өзінде 896 маман жұмыс істеп жатыр.

 

Барлық бастамалардың жүзеге асырылуы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитетінің тұрақты бақылауына алмақ.

 

43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!