Жылдамдықты асырған самокат иелеріне айыппұл салынуы мүмкін
Жанкелді Қаржан
|
03.09.2025 21:40

Ашық дереккөзден
Елімізде электросамокат жүргізушілеріне қатысты жаңа ережелер енгізіледі, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеген. Оның сөзінше, полицейлер самокат жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс асыруын тек жаңа заң қабылданғаннан кейін ғана тіркей алмақ.
Министр екі жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес, электросамокаттар көлік құралы ретінде танылғанын атады. Қазіргі қолданыстағы норма бойынша, самокатпен жүрудің рұқсат етілген жылдамдығы 6 км/сағатты құрайды.
Алайда, қоғамда бұған қатысты көптеген сұрақтар туындаған.
«Самокатқа қатысты барлық нормалар қабылданды. Бірақ ең үлкен мәселе – инфрақұрылымның жетіспеушілігі болып отыр. Қазір елімізде небәрі 500 шақырымдай ғана веложол бар», деді Ержан Сәденов.
Жаңа заң қабылданған жағдайда ережені бұзған самокат жүргізушілеріне айыппұл салу жағы қарастырылып отыр.
54

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев