Еділ Жаңбыршин «Реал Мадридке» қарсы «Қайрат» футболшыларының мүмкіндігіне баға берді

Мәжіліске Маңғыстау облысынан сайланған депутат Еділ Жаңбыршин «Қайрат» футбол клубының «Реал Мадридке» қарсы ойынына қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Қыркүйектің 30 күні алматылық клуб өз алаңында Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындар аясында испаниялық команданы қабылдайды.
Бұл ретте Еділ Жаңбыршин корольдік клубқа қарсы ойынның оңай болмайтынын айта келе, отандық клубтың өз мүмкіндігінің қаншалықты екенін атап өтті.
«Егер қарсылас команда негізгі құрамын емес, екінші құрамның ойыншыларын шығарса, сенсация болып, «Қайраттың» жеңіп кетуі де мүмкін», – деді депутат.
Бұған дейін іріктеу бәсекесінде «Қайрат» Шотландияның «Селтик» командасынан пенальти сериясында басым түскен еді (3:2). Аталған ойында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсыластар тепкен пенальтидің үшеуін кері қайтарған болатын. Осылайша отандық клуб өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Сондай-ақ, «Қайрат» ойыншылары сырт алаңда лондондық «Арсеналмен», Италияның «Милан» секілді танымал клубтарға қарсы ойнайды.
