Otpan News Logo

Жаңаөзенде мемлекеттік қызметшілер мен ішкі істер қызметкерлері марапатталды

|
23.06.2026 16:50
Жаңаөзенде мемлекеттік қызметшілер мен ішкі істер қызметкерлері марапатталды

Жаңаөзен қаласында 23 - маусым - Мемлекеттік қызметшілер және ішкі істер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Ел игілігі жолындағы ерен еңбек» атты мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш, Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғалым Байжанов, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері мен барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметші қатысты.


Қала әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың бүгінгі рөлі кәсіби біліктілікпен қатар адалдықты, әділдікті, жауапкершілікті және ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етуді талап ететіндігін атап өтті. 


Салтанатты жиында мемлекеттік қызметке жақында қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер Шырынгүл Қартбаева мен Мағауия Ізімберді ант қабылдады. 


Мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып келе жатқан бірқатар қызметкерге Маңғыстау облысы әкімінің алғысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алғысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің алғысы, сонымен бірге, құрмет грамоталары табысталды.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!