Бразилиялық тревел-блогер: «Қазақстанда ақша алмайды, керісінше береді»
Бразилиялық тревел-блогер Налдо Қазақстанда болып, елдегі «алаяқтық» пен туристерге деген көзқарас туралы айтып берді, деп хабарлайды otpannews.kz.тілшісі.
«Әдетте Африка, Еуропа немесе Оңтүстік Америкаға барғанда кез келген туристік жерде адамдар сізден ақша алуға тырысады. "Ақша бер!" деп сұрайды әрі тек турист болғаныңыз үшін бағаны екі есе өсіріп жіберуі мүмкін. Бірақ мен Қазақстанға келгенде бұл жай ғана таңғажайып дүние болды. Адамдар менен ақша сұрамады. Керісінше маған ақшалай көмектесуді ұсынды. Танысқан әрбір адамым: "Үйіңе қайтуға ақшаң жете ме? Тамағың бар ма? Дизельге ақшаң жете ме? Бірдеңені жөндеу керек емес пе? Суың бар ма? Жағдайың жақсы ма?" деп сұрап жатты. Сонымен қатар достарыммен мейрамханаға барған сайын олар маған ешқашан төлеуге рұқсат бермейтін. Бұл жай ғана ақылға сыймайтын нәрсе. Кейде өзім төлеуге тырыссам олар: "Өтінемін, мен төлейінші, сен менің қонағымсың ғой!" дейтін», - деп бөлісті блогер өз парақшасында.
Ол Қазақстаннан кейін Мысырға (Египет) баратын болсаңыз туристерге деген қарым-қатынастың екі түрлі екенін көруге болатынын атап өтті.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев