Otpan News Logo

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып генерал-майор Қуанар Бекенұлы Базарбаев тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 16 маусымда қол қойған.


Қуанар Бекенұлы Базарбаев азаматтық қорғау органында 1992 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын өрт сөндірушіден бастаған. 1994-2000 жылдары инспектор, кезекші өрт сөндіру қызметінің басшысы, Петропавл қаласы, күзет бекетінің бастығы болып жұмыс істеді. 2000-2005 жылдары-Петропавл қаласы, өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы, 2005-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы болып жұмыс істеді. 2012-2015 жылдары-Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап - Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс атқарды.


Кейін Астана, Шымкент қалаларының ТЖД бастығы қызметтерінде болды.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!