Otpan News Logo

Маңғыстаулық студент халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

|
19.06.2026 16:39
Маңғыстаулық студент халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Маңғыстау туризм колледжінің «Аспаз» мамандығы бойынша 3-курс студенті Аят Айтқалиев спорт пен білімді қатар алып жүрген дарынды жастардың бірі. 18 жасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып, армрестлинг спортында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан жас спортшы бүгінде өңір мақтанышына айналды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


«Аяттың спорттық жолы табандылық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісін көрсетеді. Ол – екі дүркін Азия чемпионы. Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленсе, Үндістанның Дели қаласында ересектер арасында өткен Азия чемпионатында да чемпион атанып, алтын медальды қанжығасына байлады»,- дейді колледж мамандары. 


Аяттың халықаралық жарыстардағы жетістіктері де аз емес. Болгарияның Албена қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, пьедесталдың екінші сатысынан көрінді. Сонымен қатар Самарқанд қаласында өткен Азия кубогында және Ташкент қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогында топ жарып, көк туды халықаралық аренада биікке көтерді.


Спорттағы жарқын табыстарына қарамастан, Аят колледж қабырғасындағы оқуын да жауапкершілікпен жалғастырып келеді. Қазіргі таңда ол оқуын абыроймен аяқтауға дайындалып, алдағы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүргізуде.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!