Otpan News Logo

Жаңаөзенде «Қауіпсіз пеш» профилактикалық акциясы өтті

|
29.10.2026 10:03
Жаңаөзенде «Қауіпсіз пеш» профилактикалық акциясы өтті
Фото: Бейнежазбадан скриншот

OTPANNEWS.KZ. - Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылында жылыту маусымында өрт оқиғалары мен газдан уланудың алдын алу мақсатында республикалық «Қауіпсіз пеш» профилактикалық акциясы өткізілді.


Іс-шараға Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің, «QazaqGaz Aimaq» мекемесінің және Рахат ауылы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.


Акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлеріне газдың қауіптілігін анықтайтын арнайы сигнализаторлар орнатылды. Сонымен қатар, тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, желдету жүйелерінің жарамдылығын қадағалау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!