Otpan News Logo

Ақтау қаласының әкімі Иранның Бас консулымен кездесті

|
29.10.2026 14:19
Ақтау қаласының әкімі Иранның Бас консулымен кездесті

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін, 29 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Джафар Заманимен кездесті. 


Кездесу барысында Қазақстан мен Иран арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар тараптар өңіраралық байланыстарды дамыту, іскерлік қарым-қатынастарды жандандыру, өзара тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды жаңа бағыттар бойынша дамытуға назар аударылды.


Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді серіктестікті нығайтуға және алдағы уақытта ортақ бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы байланысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!