Маңғыстау облысына жаңа бас полицей тағайындалды
АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ. – Аманкелді Досжанов Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты өңірлік департаменттің баспасөз қызметі растады.
Аманкелді Асқарұлы Досжанов 1976 жылғы 30 қазанда Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолын тергеу бөлімшелерінде бастаған. Әр жылдары Маңғыстау ауданының ішкі істер бөлімін, Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімін және Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасын басқарған.
2018 жылдан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылғы наурызда Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған.
Ал 2026 жылғы қаңтардан бері Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының Тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметінде болған.