Otpan News Logo

Жаңаөзенде еңбек ардагерлері мәслихат сайлауында дауыс берді

|
29.11.2026 10:14
Жаңаөзенде еңбек ардагерлері мәслихат сайлауында дауыс берді

Еңбек ардагерлері, «Құтты шаңырақ» облыстық байқауының «Алтын шаңырақ» номинациясы бойынша жеңімпаздары Саламатдин Жүгенбаев пен Ағия Балықбаева мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.


Көпбалалы отбасы Жаңаөзен қаласындағы №5 мектеп-гимназияда орналасқан №75 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. 


Өнегелі отбасы мүшелерінің айтуынша, әр азаматтың сайлауға қатысуы – ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілігін танытудың көрінісі.


Саламатдин Жүгенбаев пен Ағия Балықбаева – еңбек пен отбасылық құндылықтарды қатар ұстанып, ұрпақ тәрбиесіне мән беріп келе жатқан өнегелі шаңырақ иелері.


Айта кетейік, Жаңаөзен қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда. Бірқатар учаскеде жергілікті өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылған, тұрғындарға мерекелік концерттік бағдарламалар ұсынылды.

35
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!