Otpan News Logo

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары ел болашағы үшін дауыс берді

|
29.11.2026 10:44
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары ел болашағы үшін дауыс берді

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы – Бисемағанбетовтер әулеті аудан мәслихаты депутаттарының сайлауында өз таңдауларын жасады.


Жармыш ауылындағы №182 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген отбасы отағасы Аманғали Бисемағанбетов сайлаудың маңызына тоқталып өтті.

«Отбасы – қоғамның берік негізі. Ал елдің ертеңі әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігіне байланысты. Бүгінгі таңдауымыз арқылы туған жеріміздің дамуына, ұрпағымыздың жарқын болашағына өз үлесімізді қосып отырмыз. Әр отбасы ел өміріне жауапкершілік танытып, азаматтық міндетін орындаса мемлекетіміздің іргесі нығая түседі», – деді Аманғали Бисемағанбетов.

Берекелі шаңырақтың бірлігі мен елге деген жанашырлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!