Otpan News Logo

Бейнеуде 88 жастағы Тедженбай ақсақал дауыс берді

|
29.11.2026 10:45
Бейнеуде 88 жастағы Тедженбай ақсақал дауыс берді

Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берген тұрғындардың қатарында 88 жастағы Түменбаев Тедженбай ақсақал да бар.


Ұзақ жылдар бойы теміржол саласында еңбек еткен қария сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Бүгінде ол үш баласынан өрбіген сегіз немере мен екі шөберенің сүйікті атасы.


Тедженбай ақсақалдың айтуынша, әр азамат туған елінің болашағына енжар қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласуы керек.

«Біз талай кезеңді бастан өткердік. Бүгінгі бейбіт өмір мен елдегі тұрақтылық – үлкен байлық. Жастардың жарқын болашағын көргіміз келеді. Сондықтан жасымыз ұлғайса да, ел өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмай, өз таңдауымызды жасауды азаматтық парызымыз деп білеміз», – деді қария.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!