Otpan News Logo

Қарақия аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңестің төрағасы сайлауда өз таңдауын жасады

|
29.11.2026 10:10
Қарақия аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңестің төрағасы сайлауда өз таңдауын жасады

Бүгін Қарақия ауданында өтіп жатқан саяси науқанда ел ағалары мен қоғам белсенділері жоғары азаматтық жауапкершілік танытуда. Атап айтқанда, Қарақия аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ержан Сақтапұлы Бегниязов №146 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.


Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосып жүрген ардагер азамат үшін бұл күннің маңызы зор. Ел ағасының сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасауы – кейінгі буынға үлгі боларлық азаматтық ұстанымның көрінісі. 


Қоғамдық кеңес төрағасының пікірінше, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығы әрбір тұрғынның ортақ іске деген жанашырлығы мен белсенділігіне тікелей байланысты.

23
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!