Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайлауда дауыс берді
Бүгін, 29 қарашада Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Қартбай Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ардагер сайлау учаскесіне барып, дауыс беру рәсімінен өтті. Оның айтуынша, Мәслихат депутаттарын сайлау – қала тұрғындарының мүддесін білдіретін өкілдерді анықтауға және жергілікті маңызы бар мәселелердің шешілуіне ықпал етуге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси науқан.
Сайлауға қатысу арқылы әрбір азамат қаланың қоғамдық өміріне қатысты өз ұстанымын білдіріп, азаматтық жауапкершілігін көрсете алады.
– Әр азаматтың дауысы маңызды. Мәслихат депутаттары халықтың мұң-мұқтажын көтеріп, тұрғындардың мүддесін қорғауы тиіс. Сондықтан сайлауға қатысу – баршамызға ортақ азаматтық міндет, – деді Аманжол Қартбай.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев