Otpan News Logo

Жаңаөзенде ата-аналар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты

|
28.10.2026 10:27
Жаңаөзенде ата-аналар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінде «Әскер аналардың көзімен» атты ашық есік күні өтті. Жас сарбаздардың ата-аналары әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, ұлдарының күнделікті қызметін өз көздерімен көрді. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.



Әскерге келгеніне бір ай болған жас сарбаздар ата-аналарына әскери өмірдің алғашқы кезеңіндегі күн тәртібін, тәртіп пен жауапкершілікке негізделген қызмет барысын таныстырды. Қонақтар әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлерін көріп, казарманы және медициналық пунктті аралады. Сондай-ақ сарбаздардың тамақтану жағдайымен танысып, асханадағы жұмыс барысын бақылады.


Ашық есік күнінің ең әсерлі сәттерінің бірі – ата-аналардың ұлдарымен жүздесуі болды. Күнделікті сағынышын басып, балаларының әскери ортаға бейімделуін өз көздерімен көрген ата-аналар үшін бұл кездесу ерекше маңызға ие болды.


5548 әскери бөлімінің командирі, подполковник Хамит Бигужин әскери бөлімдегі тәртіп, сарбаздарға берілетін тәлім-тәрбие және әскери қызметтің ерекшеліктері жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар, әрбір әскери қызметшінің қауіпсіздігі мен амандығы бөлім басшылығының басты назарында екенін атап өтті.


23
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!