Otpan News Logo

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

|
28.10.2026 12:25
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

OTPANNEWS.KZ – Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.


«Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын.

 

Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді»,- деді Президент.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!