Жағалаудағы заңсыз кәсіпкерлікке тосқауыл қойылады
Нұргүл Алясова
|
30.07.2025 21:34

Ақтау қаласының жағалауында заңсыз кәсіпкерлік қызметтердің көбейіп кетуі тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Әсіресе “Солдат” жағажайында рұқсатсыз орнатылған көлеңкелі шатырлар, тир алаңдары, беседкалар мен түрлі ойын-сауық құрылғылары көбейіп кеткен. Бұл жағдай туралы қала тұрғындары БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде жиі жазып жүр, деп хабарлайды otpannews.kz.
Осыған байланысты Ақтау қаласы әкімдігі жағалау аумағындағы заңсыз кәсіпкерлік нысандарды жою және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жоспарлы рейдтік шараларды бастайтынын хабарлайды.
- Құрметті кәсіпкерлер, егер сіздің жағажай аумағындағы нысаныңызда заңсыз салынған құрылымдар немесе рұқсатсыз қызмет түрлері болса, әкімшілік шаралар қабылданбас бұрын оларды өз еркіңізбен алып тастауыңызды сұраймыз. Бұл сіздің қала тазалығы мен демалыс аумағының қауіпсіздігіне қосқан үлесіңіз болмақ. Қала әкімдігі барлық кәсіп иесін жағалау тәртібіне жауапкершілікпен қарап, заң аясында жұмыс істеуге шақырады, - делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
103

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев