Otpan News Logo

«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының ұжымы референдумға қатысады

|
03.03.2026 17:01
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының ұжымы референдумға қатысады

Маңғыстау облысында өңірлік коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы — Қазақстанның магистральдық мұнай құбырлары бойынша ұлттық операторы, ҚазМұнайГаз тобының құрамындағы жетекші ұйым. Компания ел аумағындағы және транзиттік бағыттардағы мұнай тасымалын қамтамасыз етеді, Каспий аймағының экспорттық инфрақұрылымында маңызды орын алады.


Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан, облыстық коалиция төрағасы Нұрбек Қарасаев, облыстық мәслихат депутаты Нұри Тұмышев және мекеме қызметкерлері қатысты.


Жиын барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны мен басым бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Құжаттың преамбуласында айқындалған басты құндылық – адам капиталы екені атап өтіліп, адам құқықтарын қорғауға негізделген «Миранда» қағидасы, адвокатура институтын дамыту, Конституциялық сот қызметінің рөлі, сондай-ақ неке институтын нақтылау мәселелері кеңінен талқыланды.


Сонымен қатар, коалиция мүшелері 15 наурыз күні өтетін референдумның маңыздылығына тоқталып, ұжым қызметкерлерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.


Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының байланыс саласының қызметкері Саламат Шаленов кездесудің мазмұнды әрі ашық форматта өткенін атап өтті.


Бүгін коалиция мүшелерінің қатысуымен өзекті мәселелер қозғалған мазмұнды кездесу өтті. Бізді алаңдатқан тіл, медицина, білім беру және заң салаларына қатысты сұрақтарымызға депутаттардан нақты жауап алдық. Жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп есептеймін. Басқарманың барлық сала қызметкерлері қатысты. Өзім барлық сауалдарыма жауап алдым. 15 наурыздағы референдумда дауыс беріп, азаматтық белсенділік танытамын және әріптестерімді де референдумға қатысуға шақырамын, - деді Саламат Шаленов.
30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!