Otpan News Logo

Жаңа Конституция – балалардың жарқын болашағына негіз

|
27.11.2026 10:30
Жаңа Конституция – балалардың жарқын болашағына негіз

Жаңа Конституцияда отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға, өскелең ұрпақтың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсуіне ерекше мән берілгені қуантады. Жас ана ретінде мен үшін бұл нормалардың маңызы зор. Өйткені әрбір ата-ана баласының жарқын болашағын, сапалы білім алып, дені сау болып өсуін қалайды.


Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Сондықтан Конституцияда неке мен отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында болатынының айқындалуын маңызды қадам деп санаймын. Бұл – ата-ана мен бала құқығын қорғауға, отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған маңызды ұстаным.


Сонымен қатар балалардың білім алуына, денсаулығын сақтауға және жан-жақты дамуына жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Әр баланың сапалы білім алып, өз қабілетін ашуына мүмкіндік берілуі керек. Себебі бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы. Ұрпақтың бақытты балалық шағы мен сапалы тәрбиесі мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады.


Менің ойымша, жаңа Конституция – тек бүгінгі қоғамның емес, келер ұрпақтың да болашағына бағытталған маңызды құжат. Әр отбасы өзін қауіпсіз сезініп, әр баланың құқығы қорғалған қоғамда өмір сүруге тиіс. Сондықтан Ата Заңдағы жаңашылдықтарды қолдаймын. Бұл – әділетті, жауапты әрі ұрпақ болашағына бейжай қарамайтын қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.


Аружан Мұхитқызы,

жас ана

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!