Otpan News Logo

Еуропалық телеарна Маңғыстау туралы деректі фильм түсірді

|
05.10.2026 14:38
Еуропалық телеарна Маңғыстау туралы деректі фильм түсірді

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ – Еуропаның танымал Arte TV француз-неміс қоғамдық телеарнасы Қазақстанға арналған деректі фильм түсірді. «Kasachstan – Land zwischen den Kontinenten» («Қазақстан: құрлықтар арасындағы ел») деп аталатын фильмде Маңғыстау өңіріне де арнайы бөлім арналған. 


Бұл туралы фильм түсіріліміне қатысып, өлке туралы ақпарат берген маңғыстаулық өлкетанушы Бекболат Төлегенұлы баяндады. Ол түсірілім тобына өңірдің тарихы мен тарихи нысандары туралы мәлімет беріп, Маңғыстауды таныстыруға атсалысқан.


«Осыдан 1,5 жыл бұрын Қазақстанда түсірілген фильмнің Маңғыстауға арналған бөлімінің бас кейіпкері болудың сәті түсті», – деп жазды Бекболат Төлегенұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.


Деректі фильмді түсіру жұмыстары осыдан шамамен бір жарым жыл бұрын Қазақстанда жүргізілген. Түсірілім экспедициясы барысында телеарна өкілдері Маңғыстаудың тарихи және мәдени орындарын аралап, өңірдің табиғаты мен өткені туралы ақпарат жинаған.


Өлкетанушының айтуынша, үш күнге созылған түсірілім экспедициясын Ерлан Джумаев жетекшілік ететін «Экспедиция +362» командасы ұйымдастырған. Жоба түсіріліп жатқан кезде ақпаратты жариялауға мүмкіндік болмаған.


Фильм авторы – Michael Höft. Деректі фильм қазір Arte TV ресми платформасында неміс тілінде қолжетімді.


Фильмді Arte TV ресми сайтынан көруге болады.


53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!