Otpan News Logo

Шетпе ауылында құқықтық-профилактикалық керуен ұйымдастырылды

|
05.10.2026 16:30
Шетпе ауылында құқықтық-профилактикалық керуен ұйымдастырылды

Otpannews.kz. - Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Адал қоғам» жобасы бойынша құқықтық-профилактикалық керуен өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Іс-шара Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Кездесуге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ тиісті сала мамандары қатысып, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, заңнама талаптарына қатысты түсіндірмелер берді.


Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гүлден Какауованың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.


– Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес берілуде. Бұл азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін білуіне және заң талаптарын дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді, – деді Гүлден Какауова.


Кездесу барысында тұрғындар мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заңнамадағы өзгерістер, құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша қажетті ақпарат алды.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!