VII Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өтті
Маңғыстауда VII Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты — оқушылар арасында сөз өнерінің ерекшеліктерін меңгерген, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысы қалыптасқан, сөйлеу мәдениеті жоғары, сөз өнерінің тарихи-мәдени және этномәдени болмысын терең түсінген көшбасшыларды анықтау, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Байқауға қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармашылығына негізделген тақырыптар мен сұрақтарға жауап беріп, жоғары мәдениет пен жүйелі сөз саптау қабілеттерін көрсетті. Биылғы байқау хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналды.
Байқаудың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жоғары нәтиже көрсетті:
І орын – Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ақғали Нұржау;
ІІ орын – Ақтау қаласы С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Жолдасбаева Аружан;
ІІІ орын – Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Садықов Нұржан;
Арнайы жүлде – Түпқараған ауданы жалпы білім беретін мектептің Шахта мектебінің 11-сынып оқушысы Бекен Айнара.