Ортақ түркі әліпбиімен жарық көрген Абай мен Шыңғыс Айтматовтың еңбектері Анкарада таныстырылды
19 қараша күні Анкара қаласында Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ штаб-пәтерінде Түркі академиясының бастамасымен ортақ түркі әліпбиінде басылып шыққан екі кітаптың таныстырылымы өтті. Олар – Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» және Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» шығармасы, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Іс-шараға Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және басқа да түркі мемлекеттерінен келген дипломаттар, халықаралық ұйым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ортақ түркі әліпбиімен жарық көрген бұл басылымдар – түркі халықтарының мәдени, һәм рухани бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев