Ақтауда туристік бизнес және қонақ үй шаруашылығы мамандарына арналған семинар-тренинг өтуде
Бүгін Ақтауда облыстағы қонақ үй мен туристік бизнес иелеріне арнап туристер мен қонақтарға сапалы қызмет көрсету біліктілігін арттыруға арналған оқыту курсы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Іс-шара Маңғыстау облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Семинардың басты мақсаты – туризм саласын дамытып, қызмет көрсету деңгейін ілгерілету.
“2024 жылдың 13 маусымында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтіп, Маңғыстау облысына ерекше назар аударылған еді. Сол отырыста туристерді облысқа тарту, оларға жоғары сапалы қызмет көрсету тапсырылды. Облыстың оң имиджін қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар көп. Бүгінгі семинар-тренинг – соның бір бөлігі ғана. Осы іс-шарада туризм саласының білікті 5 маманы спикер болып, сөз сөйлейді”,- деді облыстық туризм басқармасының туризмді ілгерілету бөлімінің әдіскері Гүлсім Жариева.
2 күнге созылатын тренингке облыстағы қонақ үйлер мен туризм саласынан 50 адам қатысуда. Оқуды халықаралық деңгейдегі маркетологтар жүргізеді. Тренинг-семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталмақ.
72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев