Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда 20 мыңнан астам оқушы тұмауға байланысты сабаққа қатыспай отыр

Маңғыстауда 20 мыңнан астам оқушы тұмауға байланысты сабаққа қатыспай отыр
ашық дереккөз

2025 жылғы 19 қарашадағы мәліметке сәйкес, Маңғыстау облысында тұмау ауруының таралуы салдарынан 20 524 оқушы, яғни 10,6%, мектепке бармай отыр. Аурушаңдықтың көбеюіне байланысты білім беру ұйымдарында шектеу шаралары күшейтілді, otpannews.kz.


- Ауырған бала санының артуына байланысты, облыс мектептерінде іс-шаралар өткізуге шектеу қойылып, ғимараттарда дезинфекциялық жұмыстарды уақытында және талапқа сай жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы 23 мектептің 8099 оқушысы (366 сынып) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Алдағы уақытта жағдайға қарай маскалық режим енгізу мәселесі қарастырылатын болады, - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.


Айта кетейік, облыс бойынша 216 жалпы білім беретін мектеп бар. Өңірдегі оқушы саны 193 156.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!