Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп үш жылдық бағдарлама әзірледі

|
19.11.2025 11:41
Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп үш жылдық бағдарлама әзірледі
ҚР Үкіметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтылық және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлегенін атап өтті, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.


«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, құжат экономиканы дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды. Олардың қатарында халықтың табысын қолдау, сапалы өсуді қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты ынталандыру, экономиканы цифрландыру және ЖИ дамыту, инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіру, инфляция мен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту шаралары бар.


Сонымен қатар бағдарлама ақша-несие саясаты,қаржы секторын дамыту және бағаны реттеу бойынша блоктарды қамтиды.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!