Ақтауда бес жерде қосымша бұрылыс жолақтары салынып жатыр
Ақтау қаласында жол қауіпсіздігін күшейту және көлік қозғалысын реттеу мақсатында бес нысанда қосымша оңға бұрылу жолақтарының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
12-шағын аудан 59-үйдің маңында, 28-шағын аудан «Grand Avenue» тұрғын үй кешені аумағында және 30-шағын аудандағы «Жерұйық» мейрамханасы жанында асфальт жабындысын төсеу жұмыстары аяқталған.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, алғашқы кезеңде жолдарға бір қабат асфальт төселіп, қозғалыс уақытша ашылған. Қазір екінші қабат толық салынып, құрылыс жұмыстары біткен. Алдағы уақытта жолдар тиісті жол белгілері мен таңбаларымен қамтамасыз етіледі.
70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев